1 мамырдан бастап Қазақстанда жедел жәрдем шақыру ережелері өзгереді

1 мамырдан бастап Қазақстанда жедел жәрдем шақыру ережелері өзгереді

Қазақстанда 1 мамырдан бастап жедел жәрдем шақыру ережелері өзгереді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 мамырдан бастап шұғыл емес шақыртуларға емханалар жанындағы мобильді топтар баратын болады.

Өзгерістер 4-санаттағы шақыртуларға (науқастың өміріне қауіп төнбеген жағдайда, мысалы, жоғары қан қысымы, дене қызуы, жеңіл жарақаттар) қатысты:

- Мұндай шақыртуларға жұмыс уақытында, яғни 08:00-ден 20:00-ге дейін мобильді бригадалар барады.

- Басқа уақытта барлық шақыртуларға, оның ішінде 4-санаттағы шақыртулар, жедел жәрдем бригадалары жіберіледі.

- Мобильді бригаданың жету уақыты – 60 минутқа дейін.

- Қажет болған жағдайда мобильді бригада құрамына кардиолог, невропатолог сияқты мамандар да кіреді.

Министрлік мәліметінше, жаңа өзгерістер шұғыл шақыртулар бойынша жедел жәрдемнің жету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар