Зейнетақы қорындағы ақшамыз неге азайып кетті?

Зейнетақы қорындағы ақшамыз неге азайып кетті?

Әлеуметтік желідегі парақшасында экономист, журналист Ербол Азанбек зейнетақы қорына қатысты танымдық дүние жариялады деп жазады Democrat.kz.

"БЖЗҚ — казино емес: табысын секундпен емес, жылдармен өлшеңіз. Зейнетақы жинақтарының күндік немесе айлық өсімі тақырыбындағы талқының көптігіне таңқалам. Доллар бағамы түсіп, акциялардың құны «құлдырай» бастаса болды зейнетақы шотындағы ақшаның азаюы туралы әңгіме көбейеді. Негізі зейнетақы жинағының табыстылығына айлық өлшеммен қарап, алаңдаудың керегі жоқ. Оған айлық өлшеммен қарау — бутерброд жеген сайын таразыға тұрып, салмақ есептеу сияқты нәрсе. Салмақтың өскен не түскенін, бір бутерброд көрсетпейді. БЖЗҚ-ның тиімділігін бағалағыңыз келсе — айлық, тоқсандық табысына емес, жылдық, тіпті бірнеше жылдық табысына қараңыз. Зейнетақы жинағы - марафон. Нәтижесін бірден көретін спринт немесе TikTok-тренд емес. Сарапшы Бауыржан Шурманов соны жақсы түсіндіріпті. Қысқаша былай дейді: – БЖЗҚ ұзақ мерзімге жұмыс істейді — 20–30 жылға арналған. – Әлемдегі барлық зейнетақы қорларында табыс тұрақты емес. Тіпті CalPERS немесе ABP сияқты алпауыт қорларда да кейде табыс нөл немесе теріс болады. Бірақ маңыздысы — ұзақ мерзімді нәтиже инфляциядан жоғары болуы. Яғни, ақша құнсызданбайды. Бізде соңғы 12 айда БЖЗҚ табыстылығы — 11,99%, ал инфляция — 10%. Бұл көрсеткіш биткойндікі сияқты емес, бірақ жастық астында жатқан ақша сияқты құнын жоғалтып жатқан да жоқ. Өз деңгейіне сай. Сосын жиі айтылатын: «БЖЗҚ ақшасын басқа біреуге берейік» немесе «Халыққа таратып берейік!», дегенді де азайту керек. Бюджеттің немесе біреудің «артық ақшасы» емес, әрқайсымыздың жинағымыз. Ал мемлекет ол қаражатты тек инвестициялай алады” деп жазды Ербол Азанбек. Фото көрнекілік үшін интернеттен.
Все новости