Білім саласында ақша желінгеннен басқа атқарылған нәтижелі шаруа бар ма?

Білім саласында ақша желінгеннен басқа атқарылған нәтижелі шаруа бар ма?

Депутат Нартай Сарсенгалиев білім саласындағы бірталай былықты жайып салып, орынды сұрақ қойыпты. Бейнебаянын да толық қарап шықтым.

PIZA бойынша білім сапасы төмен деп дектерді мысалға келтірді. Оқу бағдарламасы мен оқу жоспарларының да 9 рет өзгертілгенін айтты. Дұрыс айтты. Білім саласын дамытуды сылтауратып ақшаны бөліп, оны түк қалдырмай шашып жіберу көптен бері орын алып келеді. Соңғы екі жылда “Қойды баға алмаған қуалап жүріп өлтіреді” деген халықтың сөзі тура мұғалімдерге келіп отыр. Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев аттестацияның Ережесін жөндеймін деп, жөндей алмай екі жыл мұғалімдерді қаңтарып, сарсаңға салды, аттестацияны орталықтандыратын “Ұстаз” платформасы әлі толық жүйеленген жоқ, дәл қазір аттестациядан өтетін мұғалімдер деректерін EGOV порталына жүктеп жатыр. Министрдің өзі бастап “Мұғалімдер сауатсыз” деп “Мақсатты мектеп” жобасын шығарды, сабақ уақытында курстан өтіп, мұғалім бір жақта, оқушы бір жақта қалды, оның зерделенуі мұғалімді зорықтырып жіберді. Сансыраған мұғалімдер сабақ беруден қалды. Ол аз дегендей мемлекет мүддесіннен бұрын түсетін пайданы көбірек ойлап, оқушының сұранысын керек қылмай, ғалымдардың пайдалы ұсыныстары мен енгізген жаңалықтарын мойындамай, бағдарлама жасауға қатысқан ғалымдарымыздың ұсыныс -пікірін үнемі жоққа шығарып, ұсынылған оқулықтарды, әдістемелік нұсқаулықтарды өндірістен кешіктіріп отырған сияқты. Ескі оқулық, жетілдірілген бағдарлама, оқу мақсаттары, бағалау параметрлері нақты емес, жиі ауысатындықтан, тіпті, методистердің өздері де нені сұрарын білмей жаңылып жүр. Қысқасы, Жаңаға үйренген мұғалімдер, ескіше басқарған министрдің бұйрықтарын ұқпай жүр. Биліктің күшімен “Жұмысы керемет” деп қарауындағы бағыныштыларға бұйрықпен мадақ , мақтау жазғызтатын жағдай да қалыпты тірлікке айналды. Мадақтамағанды тізімдеп қуғындау да салтымызға айналды. Мира БАРКАЗАТҚЫЗЫ, білікті ұстаз. Фото көрнекілік үшін.

Все новости