Ұстаздардың тест сынағы қай күні өтеді?

Ұстаздардың тест сынағы қай күні өтеді?
Ұлттық тестілеу орталығы педагогтердің білімін бағалайтын тест қашан өтетінін хабарлады.   2024 жылғы 9-12 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында (сондай-ақ UTO қосымшасында) мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылданады. ПББ-ның өзі 10 шілде-13 тамыз аралығында өтеді. Бұл тестілеуге санаты жоқ үміткерлер, біліктілік санатын өсіретін және растайтын педагогтер (барлығы) қатыса алады. Білім мекемесінің педагогтері ПББ-ға 12 айда екі рет өтініш бере алады: бір рет тегін, бір рет ақылы. Толығырақ testcenter.kz сайтының «Педагогтерге» бөлімінде таныса аласыздар. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 
Все новости