"Туысшыл директор" бүкіл жақынын мектепке жұмысқа алған

"Туысшыл директор" бүкіл жақынын мектепке жұмысқа алған
Facebook әлеуметтік желісінде Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы бір мектеп басшысы бүкіл тума-туысын мектепке жұмысқа алғаны туралы ақпарат тарады деп жазады Democrat.kz. Жазба авторы, белсенді ұстаз Ләззат Асанова Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Әңгірата мектебінің директоры туыстары мен таныстарын өзі басқарып отырған мектепке жұмысқа алғанын айтады. "Тұтқышев Тұрдалы Айтжанұлы - мектеп директоры. Тұтқышев Тұрар Айтжанович - қарауыл, Тұтқышев Тұрғынбек Айтжанович - лаборант, жұбайы Сугирбаева Сандуғаш Нұрлыбековна - мұғалім... Ал енді ағайындары, кластастары мен көршілеріне тоқталмай- ақ қояйын. Сонда Тұрдалы Тұтқышевқа заң жоқ па? Егер Тұтқышев менің елімнің заңына бағынғысы келмесе өзіне ЖЕКЕ МЕКТЕП АШЫП АЛСЫН- ҮЙІНЕН!!! Туыстарын сол жерге жұмысқа қабылдасын!!! Ал мемлекеттің меншігін жеке меншікпен шатастырмасын!!!" деген Ләззат Асанова бұл мәселеге қатысты Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың, Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің назар салуын сұрады. Фото көрнекілік үшін.  
Все новости