"Төрт әйел алғым келеді" деген әнші бүкіл еркектің басты арманы осы дейді

"Төрт әйел алғым келеді" деген әнші бүкіл еркектің басты арманы осы дейді
Әнші Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желідегі тікелей эфирінде көп әйел алу туралы айтты деп жазады Democrat.kz. тілшісі  janabastau.kz.-ке сілтеме жасап.  «Менімен еркектердің 95 пайызы келісу мүмкін. Еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді. Оның ішінде мен де бармын, 95 пайызға мен де кіремін. Оның 5 пайызы «шүкір, бір әйел жетеді. Мен әлі дайын емеспін» деп жүргендер шығар. Бірақ, әр еркек көп әйел алғысы келеді деп ойлаймын. Мен 4 әйел алғым келеді, Иншаллах», — деді әнші. Әншінің бұл сөздерімен келісетіндерден гөрі келіспейтіндер көп болды. "Бір әйелін қарық қыла алмай жүріп, екінші әйел алуды армандау - ақымақтық" десті жұртшылық. Фото интернеттен.
Все новости