Той-жиынға барғанда пакет таратады ғой біз жақта. Басқа жағыңды білмейм, Алматылықтар үшін бұл норм нәрсе. Сол себепті ешкім ешкімді нәғымайды. Өйткені бәріміз аламыз, пакетке саламыз
Осыдан біраз уақыт бұрын бір досымыз анасының мерейтойын жасады. Үстөл қайысып тұр енді. Бірінші тост бітпей жатып әйелдер жағы ақырындап қор жинай бастады.
Бір самса, тауықтың екі саны, әнебір біз атын білмейтін түріктің тамағы, рулет. Оған ет табақтан алған доля қосылды. Кәдімгідеееей бір үйме жиналып қапты әрқайсымыздың алдымызда.
Антракт жақындап қалды. Әйелдер алаңдаулы. Өйтетіндей жөндері де бар ғой енді. Бірінші тост біткеннен кейін дастарқанды жинаған кезде бағанадан бері беттің арын бес төгіп жинаған дүнияны сыпырып алып кетсе ше?!
Кейбір ресторандарда билеп қайтып келсең, алдыңды сыпырып-сиырып, сиыр жалағандай ғып тазалап кетеді ғой. Содан мен “Әй, балам, бергелші!” деп официант баланы бері қарай шақырып алдым.
Сөйттім де “Не ғой…Балам мына бізді алаңдатпай пакетіңді әкеп бере салшы сыразу! Әйтпесе мына тәтелеріңнің бәрі алаң-алаң етіп, мазалары кетіп отыр” дедім. Нәғылады, ал! Сөйтіп айта салдым! Рас қой енді! “Мәәә жындығыз!” “Ойбуууй ұят-ай!” "Туууу тегі ... сен де бірррр...." "Сөңгейін де алар ек қой!" Ана қатындар өтірік ұялып, кейбірі ұялғансып қалды. Ал маған бәрібір! Шындығы сол ғой енді.
Пакет келген кезде әлгі өтірік ұялып, ұялғансып отырғандар сатырлатты ғой бәрі! Ұят дегеннің жұрнағы да болған жоқ тура сол жерде!
Асқан жылдамдықпен (көз ілеспес), ұқыптылықпен дем арада бәрін реттеп, салып алды. Өйткені екінші тост тағы бар, тойбастарың және бар.
Антрактіде жан алып, жан беріп, ақ тер, көк тер боп, билеп алатын призің былай бар. Сонымен той біткенде екі қолыңда екі пакет, тойтаңдап әзер шығасың ғой қысқасы “Тойдан тобықтай” деп қояды ешо! Әкесінің басы тобықтай!
Сен ит азаппен мықшыңдап пакетіңді көтеріп келе жатасың. Ал саған қарап жатқан күйеу жоқ. Баяғыда зымыраған ғой далаға. Өтіріктен “Мен машинаны оталдыра берейін” деп зу ете түседі. Үйге келгенде әлгінің көбін, балалардан бұрын, опыратын соның өзі ғой если честно.
Ал саған ешо қырғын өшіретте тұрып гардеробтан шубаңды алу керек Онда барып, құдайға шүкір, басқалардың да қоржындарының тоқ екенін көріп, көңілің орнына түсіп, өзіңді морально жұбатып тұра тұрасың өшіретің келгенше. Бұл да бір Алла тағаланың бұйыртқан несібесі, той деген құдайдың қазынасы ғой дегендей барынша өзіңнің ұятыңның алдында ақталып
Ал осыдан біраз бұрынырақта ғой, менің қайынағамның машинасы болған соң достарын тойға апарып, той біткен соң үйлеріне жеткізіп тастайды екен. Бір досы кішкене қатынбасшалау болса керек. Пакетке әйелімен қосылып алып салады екен.
Бір күні сондай бір тойдан қайтып келе жатады ғой енді. Тойбастардан бәріне бірдей пакет таратқан. Өздері сәл қызып алса керек. Багажникке салған пакеттер быт-шыт араласып кеткен ғой. Қайсысы кімдікі екенін адам біліп болмайды дейді. Қайынағам қай пакетті кімге берерін білмей басы қатып тұрса, ана досы “Алтке, біздікінің лепёшкісі бар, лепёшкісі бар” деп қоймайтын көрінеді
Жанар ОРАЗЫМБЕТ, журналист.
Фото көрнекілік үшін.