Танымал актриса Әсел Асқар ер адамның алдында ұятсыз билеп, дауға қалды

Танымал актриса Әсел Асқар ер адамның алдында ұятсыз билеп, дауға қалды

Танымал актриса, блогер Әсел Асқар желіде ер адамның алдында ұятсыз билеген биін желіге жариялады.

Блогер атышулы биін жабық отырыстардың бірінде билеген. Жүргізуші актер Шерхан Пірназар ортаға Әсел Асқарды шақырып, орындықтың алдында билеуін сұрайды. Актриса билеп жүріп ортаға жас жігіттердің бірін шығарып алады. Осыдан кейін оның алдында ойындағы биін билеп, қызу талқыға түседі.

"Келесі жоба үшін Ануар ағаның алдында өзімді көрсетіп тұрмын. Менің ұятым жоқ, маған бәрібір. Бастысы менің харизмам бар әрі ұялатын ешнәрсем жоқ", – деді актриса.

 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, актрисаның оғаш қылығын сынап жатыр.

“Неге жалғыз Әселді таңдады екен?!”, “Елдің алдында жүргесін мына тірліктерің ұят”, “Мәдениетті сақтаңыздар”, “Әселден басқасының жүрегі дауаламаған сияқты”, “Актрисаның өзі осындай билерге үйреніп қалған”, – деп жазды көпшілік.

Все новости