Танымал әнші Тамара Асар Мұхамеджан Тазабектің жігіттік шағындағы серілігін айтып, мақтады.
"Мұхаңның беделін бөлек айтайын. 1993 жылдары, біз оқуға түскен кезде Мұхамеджан Тазабеков бүкіл мен қазақпын деген қыздың бәрін ғашық қылған. Әрбір жатақхананың есігі ашулы, дастарханы жаюлы болатын. Осы Мұхаң есіктен бір сығалар ма екен, бір төрт жол өлеңімді арнар ма екем деп армандаған Мұхаңның төрінде мен ән айтайын деп тұрмын. Мұха, ұшырғалы отырған балапаныңыздың бағы болсын", – деді Тамара Асар.
Айта кетейік, айтыскер ақын, дінтанушы қызының тойына ерекше сыйлық тарту етті. Тіпті, жақын күндері сатылымға да шығаратынын жеткізді.
“Бұл сыйлықты қызыма ғана емес, ұзатылатын барша қазақ қыздарына, аяулы қарындастарыма арнадым. Қыздың болашақ жарына, ата-енесіне, жақындары мен екі жасқа арналған ең маңызды 40 кеңесті қамтып, кітапша етіп шығардым. Сіздер де ұзату тойда тәтті немесе қоқысқа тасталатын қағаз емес, қыздың бақыты үшін маңызды кеңестерді қысқа әрі түсінікті жеткізетін кітапшаны қоя аласыз”, – деп жазды дінтанушы.