Тағы бір өңірде 8 наурызға орай әлеуметтік төлем беріледі

Тағы бір өңірде 8 наурызға орай әлеуметтік төлем беріледі
Маңғыстау облысында да 8 наурызға орай әлеуметтік төлем қарастырылған. Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша өңірде 8 наурызға орай "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған, сондай-ақ, "Батыр ана" атағын, I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденін алған көпбалалы аналарға төлемдер берілмек.
2 АЕК (7 864 теңге) мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік көмекті 12 686 әйел алады.
Сондай-ақ, барлық топтағы мүгедек жанға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, 7 жастан 18 жасқа дейінгі 1, 2, 3-топтағы мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде төлем есептелген. Жалпы 33 300 адам төлем алады. Мәліметке сүйенсек, бұл жәрдемақылар Наурыз мерекесінде де төленеді деп жоспарланып отыр. Еске салайық, бұған дейін Шымкентте 8 наурыз қарсаңында бір реттік әлеуметтік төлем берілетіні хабарланды. Мұнда 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай "Алтын" және "Күміс" алқа иегерлері, "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады. Астанада да 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, жалпы саны 36 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілмек.
Все новости