"Сыни жазбамды өшір деп 5 млн теңге ұсынды" дейді Амангелді Батырбеков

"Сыни жазбамды өшір деп 5 млн теңге ұсынды" дейді Амангелді Батырбеков
Sadaqmedia арнасына сұхбат берген танымал журналист-блогер Амангелді Батырбеков басынан өткен жағдай туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz. "Сарыағаш ауданының Білім бөлімін басқарған Бауыржан Майрихов деген басшыны көп сынап жаздым. Сол басшы балабақша ашады. "Алихан 20-20" деп ашқан сол балабақшаға бір жыл бойы ешқандай бала бармаған. Алайда балабақша үшін мемлекеттен қаржы бөлініп отырады. Осы туралы Фейсбукта жаздым. Жазбасын алып тастасын деп әлгі басшы 5 млн теңге беріп біреуді жолдайды. Ал мен ол материалды газетке жарияладым", - деген Амангелді Батырбеков өткіз сыни жазбалары үшін отбасына да талай рет қауіп төнгенін айтады. Фото интернеттен. https://www.tiktok.com/@sadaqmedia/video/7459816382344006918?_r=1&_t=ZM-8t7WTWHnRFl
Все новости