Шерзатты бір топ адамның ұрып-соққан видеосы көрсетілді

Шерзатты бір топ адамның ұрып-соққан видеосы көрсетілді
Шерзат ісі бойынша сотта даудың басы басталған Қамажай дүкенінің маңында жантүршігерлік видеолар көрсетілді. 00:58-де Қамажай дүкенінің маңында төбелес басталған. Прокурор сағат түнгі бірге қарай Белқожаев пен Тоқтаубаев Қаржаубай Нұрымовқа шабуыл жасағанын атап өтті.   Өткенде сот отырысында куәгерлер Нұрбекова мен Жақсыгелді өзінің сөмкелерін автокөлікте тастап кеткенін айтқан еді, қазір көріп отырғандарыңыздай, дүкенге кірген сәтте заттарымен өзімен, - дейді прокурор Ержан Құрақбаев.   Кейін сотта Шерзат Болатты ұрып-соққан сәті көрсетіледі.   Нұрқанат Ғайыпбаев пен Шерзат Полаттың қасына сотталушылар Белғожаев, Шынасыл, Тоқтаубаев, оның артынан Сәкиев те келді, - деді мемлекеттік айыптаушы.   Ол ең бірінші Шерзатты Белғожаев тепкенін айтады.   Осы сәтте сол жағында анасы Бишембиева отырады. Оның арғы жағында Белғожаев, Шынасыл, Ілиясов Ғайыпбаевты сүйреп, сол жаққа әкетеді. Кейін Белғожаев, Шынасыл, Ілиясов және кейін келген Сәкиев Ғайыпбаевты бөлек сүйреп алып кетті. Шынасыл мен Сәкиев пышақ жарақатын келтірген, – дейді Ержан Құрақбаев.   Еске салайық, бұған дейін сотталушы Дархан Әскентайдың дүкенге кірген видеосы көрсетілгенін жазған едік. Сот отырысы кезінде судья журналистер мен блогерлерге ескерту жасады. Сонымен қатар, Шерзат Болаттың қолында қандай зат болғаны көрсетілді. Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тың дерек айтылды.
Все новости