"Шаға" деп тоқалдан туған баланы атай ма?

"Шаға" деп тоқалдан туған баланы атай ма?
Әлеуметтік желіде Бақыт Шабданның сұрағына қатысты қызу пікірталас өрбіді деп жазады Democrat.kz.
"Үлкен кісілер бір-бірімен амандасқанда бала-шаға аман ба?-деп жатады ғой. Шаға деп әйелін айтып тұр ма? Мал-жан аман ба?-деп те айтады. Неге малдың жағдайын бірінші сұрайды?
Түсіндіріп беретін біреу бар ма?" деген сауал тастады Бақыт Шабдан.
Осы сұраққа қатысты оның оқырмандары түрліше жауап жазуда.
"Шаға -деп тоқалдан, аққолтықтан туған балаларды айтады. Созақ жақта Шаға ауылы бар. Аққолтық ауылы да бар. Шағаларға ауылдан алшақ аумақтан үлес жер береді.
Қазақта:-Сенің балаң балада менің балам шаға ма?-дейтін қыжыртпа сөз бар. Ол сөздің астарын бұл заман түсінбейді.Көбісі ойлайды өз баласын немесе немерелерді бала-шаға деп".
"Малы ақшасы күн көріп отырған.Жаны адамы.Мал күнкөрісі болғандықтан амандығын сұраған ,малы жоқ болғанда қазақ аштықтан қырылып қалған жоқ па1932-33 жылы."Мал бір жұттық "депте айтқан қазақ.Сондықтан мал аман болса жан аман болған ол кезде".
"Шаға" деген де "бала" деген сөздің синонимі негізі. Шыңғыс ханның бәйбішесінен туған төрт ұлының бірі - Шағатай. Түркімен тілінде осы күні "шаға" деген сөз "бала" деген мағына береді екен.
Жұрт осындай жауаптар жазуда. Ал сіз қалай ойлайсыз "шаға" деген не сөз?
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 
Все новости