Серік Ибрагимов әкесіне жаңа көлік сыйлады

Серік Ибрагимов әкесіне жаңа көлік сыйлады

Танымал қазақстандық әнші Серік Ибрагимов әкесіне жаңа көлік сыйлады. Б

"Арманым орындалды. Отбасымыздың атынан Айнамкөз екеуміз ақылдасып, әкемізге тосынсый жасап, салоннан жаңа көлік мінгізгелі жатырмыз", - деді әнші.

Ол әкесіне жол талғамайтын ақ түсті көлік сыйлады.

"Әке-шешеге құрмет өзіңнің алдыңа да келетін дүние. Сондықтан баршаңызға осындай бақытты сәт, қуанышты жағдай жұғысты болсын деп тілеймін", - деді Серік Ибрагимов.

Желі қолданушылары әншінің парақшасындағы видеоға пікір қалдырып, тілектерін жаудырды.

"Құтты болсын", "Әкемізге көлік сыйлайтын күн бізге де тусын", "Досым, көп адамға үлгісің", "Баршамызға ата-аналарымызға көп жақсылық жасап, разылығына бөленуді нәсіп етсін", - деп жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, осыған дейін Серік Ибрагимов әйелі мен өзіне алған қос көлікті көрсеткен еді.

Все новости