Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындығын көрсетті

Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындығын көрсетті
Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің тойына дайындығын бастады. Өнер иесі құрылыс жасап жатқан жігіттерге алғыс айтты.   “Өз басым рушылдыққа, жершілдікке бөлінгенді жек көремін. Бірақ бізде сондай түсінік қалыптасқан. “Басқа ұлт өкілдері күшті жасайды” деп қазақтарға сенбейміз. Келін түсіруге дайындықты бастап кеттік. Келін келмесе үйдің алды жасалмаушы еді. Жігіттерге көп рақмет! Сендер де қыз ұзатып, келін түсіріңдер”, – деп жазды әнші. Айта кетейік, өнер иесінің болашақ құдалары жаңаөзендік екенін жазған едік.   “Әділетпен араласып жүргенімізге 9 ай болады. Бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Жасым 20-да. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде туғанмын. Кейін Ақтау қаласына көштік. Қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Мамандығым – қонақүй бизнесі. Колледж бітіргенмін. Болашақта ЖОО-ға түскім келеді. Енемен тұруға қатысты көзқарасым – бейтарап. Маған көп адам болып шай ішкен ұнайды. Өзімнің де інім бар. Сондықтан ене тақырыбын жақсы түсінемін”, – деген еді Әдия Мәулен.
Все новости