Руслан Берденовке қатысты жұрт білмейтін тағы бір сұмдық шындық

Руслан Берденовке қатысты жұрт білмейтін тағы бір сұмдық шындық

Марғұлан Сейсембаев пен замәкім Руслан Берденовті не байланыстырып тұр? Марғұланның сөзі мен ісі қабыспайды

Бизнесмен Марғұлан Сейсенбаев күдікті Ернар Жиембай атқан үш оқтан ауыр жарақаттанып ауруханада жатқан Шымкенттің замәкімі Руслан Берденовтің көңілін сұрай барып, селфи жасап суретке түсіпті. Осындай бауырмашылықтың» қай жақтан туындағаны жөнінде тәпсір бере салайын. Өткен Мәжіліс сайлауы алдында «Республика» партиясы құрыла сала парламенттен орын алғанын білеміз. Сайлаудан кейін депутаттық мандат алғандардың қатарында қазіргі замәкім Р.Берденов те болды. «Республика» жөнінде алғашқысы соңғысына қайшыласпайтын екі болжам бар: ресейшіл саяси жоба және гүленшілердің партиясы. Болжам негізсіз емес. Партияның бетке ұстар лидерлері гүленшілік жолда және олар экс-наиб мүфти Қайрат Жолдыбаймен тығыз байланыста, тіпті ол қазақстандық заманауи гүленшілердің рухани ұстазы әрі пірі дейді діни ахуалды жақсы білетін сарапшылар. Бизнесмен Марғұлан Сейсембаев та наным-сенімі бойынша сопылықтың гүленші тариқатына (жолына) бой ұсынып жүрген пенде. Ол оразада ауызашар берді, ауызашарға Ресейде басқа татар имам құрып қалғандай Путиннің Украинаға қарсы басқыншылық соғысын толық қолдайтын Ильдар Аляутдиновты шақырып, төрге отырғызды (фото комментте). Ильдардың туған бауыры Шамиль имам Аляутдинов та тұнып тұрған путиншіл. Ильдар мен Шамиль Аляутдиновтер Қайрат Жолдыбаймен бірге шетелде гүленшілік мектептен өткен. Замәкім Р.Берденовті күдікті Е.Жиембай «әйеліне қырындағаны» үшін атты деген алғашқы ақпарат шығып кеткенде, Қ.Жолдыбай ол мәлімет дұрыс емес деген нарративке саятын мәлімдеме жасап, замәкімді шыр-пыр болып қорғады. Енді жаралы Руслан Берденовтің көңілін сұрап, қолдау білдіріп Марғұланның баруы да «заңдылық» қой. Р.Берденов пен М.Сейсембаевты біріктіріп тұрған тағы бір нәрсе бар. Экс-депутат Р.Берденов те, «тәуелсіз» кәсіпкер Сейсембаев та Ресей-Украина соғысында Ресейді жақтайды. Марғұлан Сейсембаевтың Украинаның патриот журналисі Гордонға сұқбат беріп, басқыншылық соғыстан ауыр зардап шегіп жатқан елді қолдағансып сөйлеуі саяси технологияның екібеткей құпия тактикасы ғана. СВО-ны қолдап жүрген имам Аляутдиновті пір тұтып, соған иман келтіріп жүрген Марғұлан Сейсембаевтан Р.Берденовті атқан күдікті Е.Жиембайға қатысты қылмыстық істе қандай әділетті позиция күтеміз?!. Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист. Фото автордың парақшасынан.
Все новости