Қызықты деректер туралы білесіз бе?

Қызықты деректер туралы білесіз бе?
Жер бетінде 7,8 миллиард адам өмір сүруде. Осынау миллиардтаған адамға қатысты төмендегідей қызықты деректері туралы білесіз бе? 7,8 млрд.халықтың 100 пайызының: 11% -ы Еуропада тұрады 5%-ы Солтүстік Америкада тұрады. 9% -ы Оңтүстік Америкада тұрады. 15% -ы Африкада 60%-ы Азияда тұрады екен. Ал 49%-ы ауылдарда, 51% -ы қалаларда тұрады. Жер бетіндегі адамдардың 12%-ы қытай тілінде, 5%-ы испан, 5%-ы ағылшын, 3%-ы араб, 3%-ы  хинди 3% -ы бенгал 3%-ы португал 2% -ы орыс 2% -ы жапон қалған 62%-ы өз тілдерінде сөйлейді. Жердегі адамдардың 77%-ында өз баспанасы жоқ, ал 23%-ының тұратын үйі де жоқ екен. 21% адам шектен тыс қалағанынша тамақтанса, 63% адам барын жейді, 15% адам жартылай аш күйде өмір сүруде. 48% адамның бір тәулік өмірінің құны 2 АҚШ долларына тең екен. Жер бетінде 87% адам таза ауызсуын тұтынады. 13% адамның таза ауызсу ішуге мүмкіндігі жоқ немесе лас су ішуде. Адамдардың 75% -ында мобильді телефон бар. Ал  25%-ында телефон мүлде жоқ. 30% адамда интернет бар. 70% адам интернетсіз қмір сүруде. Жердегі адамзаттың небәрі 7%-ы ғана жоғары білімге ие. Ал 93% адам колледжде немесе университетте оқымаған.  83% адам оқып, жаза алады. 17% адам сауатсыз екен. Діни наным-сенімге келер болсақ, 33% - христиан,22% - мұсылман, 14% - индус,7% - буддист,12% - басқа діни сенім иелері екен. Адамдардың 12%-ы ешбір діни сенімнің жетегінде емес. 26%  адам 14 жылдан аз өмір сүреді. *66% 15-64 жас арасында көз жұмады екен. *8% адам 65 жастан артық өмір сүреді. Ақпарат интернет иірімдерінен.    
Все новости