"Қыздар медресесі - имам-молдаға тоқал дайындайтын жерге айналмасын" дейді қоғам белсендісі

"Қыздар медресесі - имам-молдаға тоқал дайындайтын жерге айналмасын" дейді қоғам белсендісі

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан "Шымкент медресесінің" қыздар бөлімінің ашылу салтанатына қатысты қоғам белсендісі Төртуыл Шоқан өткір пікір айтты деп жазады Democrat.kz.

Өз жазбасында қоғам белсендісі "Шымкент медресесінің" қыздар бөлімінің ашылуында имам-уағызшылардың "жәннатқа билет" деп ақша жинап жатқанын сынап: «Шымкент медрессе» колледжі ғимараты құрлысына мына бір топ алаяқ «жәннәт билеттерін» сату арқылы ақша жинап жатыр. Бұ діни колледж қандай пәндерді оқытады екен деп қарасам, дінді жоққа шығаратын пәндердің бірі де жоқ. Оқитындары тек дінді растайтын фикһ-ақида, араб тілін оқу, құран оқу/жаттау, діни құқық, дін тарихы ғана екен. Жарайды, мұны бітірген еркек молда болар, ал, 300 қыз қайда барады? Ғылым негіздерін қалайтын математика, геометрия, химия, физика, биология, астрономия, ағылшын, тб тілдерді оқымаған бұлар зайырлы мемлекет дамуына үлес қоса ала ма? Әй, қайдам. Өз ойым, осыларды молда мен имамға тоқал болуға дайындап шығармаса деймін", - деп жазды Төртуыл Шоқан. Фото көрнекілік үшін интернеттен.

Все новости