Қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайынұлы Үкіметке үндеу жариялады

Қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайынұлы Үкіметке үндеу жариялады

Ол Ресей шектеусіз рубль шығарып, сол арқылы Қазақстан валютасына қысым жасап жатқанын атап өтті. Бұл – теңгеге нұқсан келтіріп, инфляцияны күшейтіп, импортты қымбаттатып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп санайды. Бұл туралы қоғам белсендісі өз парақшасында жазған.

ҮНДЕУ
(Ресей рублін айырбастау пункттерінен алып тастау туралы
ҚР Премьер-Министрінің назарына!
ҚҰРМЕТТІ ОЛЖАС АБАЙҰЛЫ!
Ресей шектеусіз рубль басып шығарып, сол жасанды ақшасымен Қазақстанның валютасын сатып алуда..
Бұл — ұлттық валютамыз теңгеге қысым, инфляция, импорт қымбаттауы, капиталдың кетуі, ақыры — егемендікке тікелей қауіп
деп есептеймін.
Біз ешқашан бөтен біреудің соғысының құнын төлемеуміз керек!
СОНДЫҚТАН:
Рубльді айырбастау пункттерінен толық алып тастауды,
Рубльмен тек банктер деңгейінде, шынайы бағаммен шектеуді;
Ресеймен валюталық операцияларға қатаң бақылау орнатуды,
Бұл жағдайды ұлттық қауіпсіздікке қатер ретінде тануды сұраймын.
Мәселе — саяси емес, ұлттық мүдде.
Рубль — одақтас емес, нарықтық бағаммен ғана жүруі тиіс.
Құрметпен,
"Демос" қоғамдық бірлестігінің басшысы Тұрарбек Құсайынұлы, - деп жазба қалдырған.

Тұрарбек Құсайынұлы бұл бастаманың саяси емес, ұлттық мүддеге негізделгенін атап өтті.

 
Все новости