Қазығұрт аудандық Білім бөлімі бас есепшісінің ғажайып өмірі: Заң қайда?

Қазығұрт аудандық Білім бөлімі бас есепшісінің ғажайып өмірі: Заң қайда?

Белсенді ұстаз Маржан Баимбетова Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы Білім бөлімінде болып жатқан былықтар туралы дабыл қақты деп жазады Democrat.kz. 

Өз жазбасында белсенді ұстаз тиісті органдар аталмыш ауданның Білім бөліміндегі жемқорлыққа қатысты шағымдарын назарға алмай отырғанын айтады. "Жемқорға оң терісі бірдей, қалай жесе де жейді. Түркістан Облысының Білім Басқармасына қарасты білім бөлімдерінің есепшілері мен басшылары ұсталып жатса да тобасына таянбағандар бар. Қазығұрт Ауданы Білім Бөлімінің бас есепшісі Нурахмет Жамалов мырза бұған дейінгі тексерістерден қалай аман қалғаны белгісіз, отбасымен бірге жалғанды жалпағынан басып келе жатқанын елден де жасыруды қойған ( мүмкін жасырғаны одан әлдеқайда көп шығар). Өмір Шыныбекұлы айтпақшы есепшілердің қолында айфон, астында қымбат автокөлік, т.б құнды заттары болса- тегін келген дүние емес. Айтайын дегенім оның жұбайы Қыдыралиева Мадина мен ұлы Жамал Саян бірнеше айлар мен жылдар бойы тегін айлық алып отырған. Анығы, ол екеуі мектеп зертханашылары ретінде осы уақытқа дейін айлық алып отырды. Жұмысқа келмей Сеңгірбаев тендерден ұтқан мектептердегі асханалардың бірнешеуінің жұмысын жүргізіп келді. Тлеккабыл Нурышов аға сіз біледі деп сұрап тұрмын, мектеп асханасын тендерден ұтқан Сеңгірбаевтан алып, Жамаловтар әулеті жүргізуі заңды ма, айтып жіберіңізші?! Осыдан бірнеше күн бұрын мектеп директорына жоғарыдағы екі зертханашының жыл бойы мектепке келмей айлық алып жүргені бойынша қатынас хат жазғанмын, талабым—жұмыстан босатылып, айлығы мемлекетке кері қайтарылуы болды. Мектеп директоры тіпті бір ауыз сөзді ауызша да, жазбаша да бермеді, елемеді де. Оның орнына директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Ашаматов Әшірбек: «Қолыңнан ештеңе келмейді!»,—деген жауабын берді. 13 мамыр күні Қазығұрт ауданының прокуратурасына жазбаша түрде арыз жазып келдім, одан да басқа құзырлы органдарға арыз жолданды. 3 күннен бері мектебімізде зертханашылардың қарасының көбейгенін байқап жүрмін, асханалары не болды екен? «Жаңатірлік» жббм мен Тураб Тула атындағы мектептердің камерасындағы өткен күндердің видеосы жойылса таң қалмаймын. Видеода олардың мектепке қашан кіріп-шығатыны жазылған ғой..." деп жазды белсенді ұстаз Маржан Баимбетова. Фото көрнекілік үшін интернеттен.
Все новости