Қазақтың қасиетті жеті шелпегі ЮНЕСКО-ның тізіміне қосылуға тиіс

Қазақтың қасиетті жеті шелпегі ЮНЕСКО-ның тізіміне қосылуға тиіс

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні «Демос» қоғамдық қорының мүшелері Әсел Таухан мен Нұргүл Мұқышева еліміздегі дін өкілдерінің басын қосып, 7 шелпек пісіру және оны тарату дәстүрімен таныстырды.

Тәңіршілер - Әсел Таухан қамыр илеп, 7 шелпек пісірді, ал Нұргүл Мұқышева 7 шелпектің қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен руханиятында алатын орынын әңгімелеп берді. Бұған дейін әлеуметтік желіде радикалдар тарапынан 7 шелпекті қорлайтын боқауыз сөздер айтылған. Әсел Таухан әлгі бейпілауыз тиктокерді жазалау жөнінде әлеуметтік желіге мониторинг жасау өкілеттігін иеленіп алған Мәдениет және ақпарат министрілігін сотқа берген. Сірә, алдағы күндері Аида Балаева басқаратын министрлікті мемлекеттік фунциясын атқаруға міндеттеу жөнінде сот шешімі шығады-ау. Егер қазақтың салт-дәстүріне тіл тигізген әлгі тиктокер балағат сөздері үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына сәйкес жазаланса, онда бұдан былай 7 шелпекке ешкім тіл тигізбейтін болады. «Демос» қоғамдық ұйымының төрағасы Тұрарбек Құсайынов 7 шелпек пісіру және оны таратуы дәстүрін ЮНЕСКО-ның материалдық емес адамзат құндылықтары тізіміне енгізу жөнінде Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс жасаған. Аида Балаева басқаратын министрлік қызметкерлері 7 шелпектің паспортын Т.Құсайыновтың өзінен сұрапты. Мемлекеттік орган функциясы бойынша, ұлттық құндылықтарды паспортын дайындап, оны Қазақстанның атынан ЮНЕСКО тізіміне ұсыну министрліктегі мәдениет комитетінің міндеті. Сірә, қазір Мәдениет және ақпарат министрлігі 7 шелпектің паспортын дайындап, оны ЮНЕСКО тізіміне қосуға қамданып жатқан шығар... Менікі – болжам ғой. Анығын – Ақорда біледі. Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист. Фото автордың парақшасынан.
Все новости