Депутат киіз үйде жартылай жалаңаш билегендер туралы: Ұлттық құндылықтарды мазақ ету қылмыстық әрекет деп танылуы керек, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы, Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне киіз үйде түсірілген видеоға қатысты сауап жолдап, құқықтық баға беруді сұрады. Оның сөзінше, киіз үй – бабадан қалған ең қастерлі мұрамыздың бірі еді. Сан ғасыр бойы хандарымызға еңсесі биік ақ орда, халқымызға құт ұялаған баспана болған сол киіз үйге және басқа да құныдылықтарымызға ақпараттық шабуыл да басталды. “Күні кеше оюлаған киіз үйде ұлттық киім киіп, жартылай жалаңаштанып, ойқастаған үшеудің әлеуметтік желіні шарлаған бейнеролигі иісі қазақтың ашу-ызасын тудырып отыр. Халықтың бұған наразылығы әбден орынды. Ең аяулы дүниеңді аяққа таптаса, ұлттық киіммен жалаңаштанса, төріңде әуретін ашып тайраңдаса, бұл бүкіл ұлтты, елімізді қорлаумен пара-пар деп есептейміз. Бұл теріс ниеттілердің алдын ала жете ойластырып, қазақы дүниені, ұлттық құндылықтарды құнсыздандыруға, мазақ етуге бағытталған қасақана әрекет деп есептейміз. Тал түсте төрімізде тайраңдағаны нағыз басынғандық”, – деді депутат. Мәжілісмен бұл әрекетті өскелең буынды өз ұлттық құндылықтарынан жеріндіру әрекеті деп атады. Таяуда қоғам белсенділері ЛГБТ насихатына қарсы петиция жариялаған еді. Небәрі 2 аптада осы талапты қолдап, 50 мың қол жиналды. “Бұл – ЛГБТ-нің елімізге қажетсіз әрі жат құбылыс екенінің, оған халықтың ашық қарсылығының анық көрінісі. Алда өтетін петиция қорытындысын қарау отырысына қоғам белсенділерін, ұлт жанашырларын белсене қатысуға шақырамын. Бұдан былай ұлттық құндылықтарымыз – домбыра, қобыз, киіз үй, ұлттық киім, ұлттық тағам секілді асыл жәдігерлерімізді қандай да теріс мақсатта пайдалану, мазақ ету, ұлт намысына қол сұғу ұлттың беделін түсіруге бағытталған қылмыстық әрекет деп бағаланып, қылмыстық жауаптылықпен жазалануға тиіс”, – деді Самат Мұсабаев. Ол Бас прокуратурадан, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінен аталған бейнеролик бойынша құқықтық баға беріп, оған қатысты нақты шара қолдануды сұрады. “Бас прокуратурадан, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінен аталған бейнеролик бойынша құқықтық баға беріп, оған қатысты нақты шара қолдануды сұраймыз. Ата дәстүрімізге қол сұғу – ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіру, ұлттық құндылықтарды түбірімен жоюмен тепе-тең. Қазақ – домбыра, қазақ – ұлттық дәстүр, қазақ – киіз үй, ою, ұлттық киім. Осының әрбіріне жасалған қастандық біз үшін ауыр қылмыспен тең”, – деді депутат. Айта кетейік, бұған дейін желіде киіз үйде жартылай жалаңаш билеген жастардың видеосы тараған еді. Кейін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева видеосына қатысты пікір білдіріп, қазақ халқының құндылықтары мен салт-дәстүріне қайшы келетінін айтқан еді. Фото: Stan.kz.-
Жаңаөзенде мектеп түлектерінің кортежі апатқа ұшырады
12:30, 23 мая 2025
14
-
Олжас Бектенов Алматы тау кластерін одан әрі дамыту тәсілдерімен танысты
11:55, 23 мая 2025
32
-
Білім саласында ақша желінгеннен басқа атқарылған нәтижелі шаруа бар ма?
11:02, 23 мая 2025
207
-
"Министр Ғани Бейсембаевты отставкаға жіберу керек!" дейді наразы жұрт
10:02, 23 мая 2025
190
-
"Түріктер тек қазақтың қызына үйленсін!" дейді түрік жігіті (ВИДЕО)
09:02, 23 мая 2025
322
-
Әнші Қазыбек Құрайыш өзіне некені тіркеу туралы өтініш түскенін көрсетті
08:30, 23 мая 2025
85
-
Қайрат Нұртас уәдесін неге орындамай жүр?
08:01, 23 мая 2025
213
-
Баян Алагөзова: "Шексіз бақытқа кенелдім"
07:30, 23 мая 2025
136
-
Бейсен Құранбек қара магияның құрбаны болған ба?
07:04, 23 мая 2025
1006
-
Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті өтуі белгісіз
06:30, 23 мая 2025
102
-
“Гүлжанмен сүйісіп, төсекте жатып жүріп соттастық” дейді “Тамашаның” әртісі Мұхамеджан Мырзакеев
06:10, 11 марта 2025
10821
-
"Жұмабектің экс-әйелі Динарадан әдемі екен" дескен жұрт кәсіпкерді сынап тастады
06:00, 17 апреля 2025
9873
-
Шешемнің азапты өлімі: Бұл дүниенің күнәсі о дүниеге өтпейді екен
09:34, 26 апреля 2025
8362
-
Бишімбаевтың қарындасы ағасы туралы сұмдық шындықты жайып салды
05:33, 07 мая 2025
8050
-
Мұғалім министр Ғани Бейсембаевқа үндеу жасады (ВИДЕО)
09:02, 16 мая 2025
7256
-
"Күндіз шешемді жерлеп, кешке тойға бардым" деді "супер тамада"
08:01, 27 апреля 2025
7194
-
Оқу ағарту вице-министрінің қазасы: Медицинамыз ажал ошағына айналғаны ма?
13:07, 26 марта 2025
6114
-
Қайрат Нұртас масқара болып, ұятқа қалды
07:30, 24 марта 2025
6035
-
Қазақстандық лесбианка басынан өткен жағдайды баяндап берді
10:07, 01 апреля 2025
5867
-
"Магнум дауы": Мұғалім Асылханға қатысты сорақы шындықтар жарияланды
05:50, 09 апреля 2025
5616