"Бұл бүкіл Еуразия құрлығындағы тұңғыш криптофиаттық криптобиржа-банк-клиент операциясы болып табылады", — деп хабарлады Президентке Intebix биржасының директоры Талғат Досанов.2022 жылғы 23 мамырда ҚРҰБ, ҚНРРА, АХҚО, ЦДИАӨМ Қазақстан аумағында белгілі бір шарттарды сақтай отырып, криптовалюталармен операциялар жүргізуге рұқсат беретін пилоттық қағидаларды бекітті. Пилоттық жобаға қатысу үшін биржалар лицензия алуы, ал банктер қосылатыны туралы мәлімдеулері тиіс. Реттеуші база транзакциялар мен клиенттік құралдардың қауіпсіздігіне тиісті бақылау жүргізуді қамтамасыз ете алатын ең озық әлемдік стандарттарға сәйкес әзірленді. Теңгеге криптовалюта сатып алу процесін таныстыру барысында Еуразиялық банк жыл соңына дейін Қазақстанда криптокарта шығаруды жоспарлағанын жариялады. Сол кезде қазақстандықтар дүкендерде сауданың ақысын криптокартамен төлеуге мүмкіндік алады. Операцияға төлем Intebix криптобиржасындағы клиенттің шотымен байланыстырылған шоттан теңгемен алынатын болады. Қазіргі уақытта Еуразиялық банк картаны шығару рәсімін жасақтады және барлық ықтимал тәуекелдерді пысықтау үшін Ұлттық банкпен сындарлы диалог жүргізілуде. Еуразиялық банк криптовалютамен алғашқы заңды және жария мәмілені жасады. Бұл реттеуші мен бизнес жұмысының бірлескен нәтижесі. Банк клиенттер криптовалюта сатып алатын биржаға теңгені кіргізу мен шығару процесін небары төрт айдың ішінде әзірледі. Әлемде криптобиржалардың көбі төлем агенттерімен жұмыс істейді, олар реттеушілер үшін жабық, ал клиенттер үшін қымбат: барлық жұмыс банктің ақпараттық жүйелерінде жүргізілетіндіктен, банк толық ашықтықты ғана емес, сонымен қатар клиенттер үшін ең қолайлы жағдайларды да қамтамасыз ете алды. Intebix — Қазақстанда құрылған, ҚР-да жұмыс істеуге лицензия алған және барлық заңнамалық талаптарға сәйкес келетін виртуалды валюталар биржасы. Biteeu брендінің атына Еуропалық Одақ пен Австралияда алған лицензиялары бар. Еуразиялық банк — қазақстандық банктердің ішінде активтері жөнінен жетінші орындағы әлеуметтік маңызды қаржы институты. Бөлшек банкинг нарығында жетекші орында тұрған банк корпоративтік клиенттері мен ШОБ субъектілеріне қызметтердің кең спектрін ұсынады. Банктің Moody's шкаласы бойынша В2 рейтингі 2022 жылғы 12 сәуірде "тұрақты" деген бағамен расталды. Банк ERG тобының (минералдық ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі) экожүйесіне жатады. Айта кетейік, ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылғы 3 ақпанында № 1.2.68/242/40 лицензиясын берген болатын.
Қазақстандықтар криптовалютаны заңды түрде сатып алып, сата алады

-
Жаңаөзенде мектеп түлектерінің кортежі апатқа ұшырады
12:30, 23 мая 2025
14
-
Олжас Бектенов Алматы тау кластерін одан әрі дамыту тәсілдерімен танысты
11:55, 23 мая 2025
32
-
Білім саласында ақша желінгеннен басқа атқарылған нәтижелі шаруа бар ма?
11:02, 23 мая 2025
207
-
"Министр Ғани Бейсембаевты отставкаға жіберу керек!" дейді наразы жұрт
10:02, 23 мая 2025
190
-
"Түріктер тек қазақтың қызына үйленсін!" дейді түрік жігіті (ВИДЕО)
09:02, 23 мая 2025
322
-
Әнші Қазыбек Құрайыш өзіне некені тіркеу туралы өтініш түскенін көрсетті
08:30, 23 мая 2025
85
-
Қайрат Нұртас уәдесін неге орындамай жүр?
08:01, 23 мая 2025
213
-
Баян Алагөзова: "Шексіз бақытқа кенелдім"
07:30, 23 мая 2025
136
-
Бейсен Құранбек қара магияның құрбаны болған ба?
07:04, 23 мая 2025
1006
-
Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті өтуі белгісіз
06:30, 23 мая 2025
102
-
“Гүлжанмен сүйісіп, төсекте жатып жүріп соттастық” дейді “Тамашаның” әртісі Мұхамеджан Мырзакеев
06:10, 11 марта 2025
10821
-
"Жұмабектің экс-әйелі Динарадан әдемі екен" дескен жұрт кәсіпкерді сынап тастады
06:00, 17 апреля 2025
9873
-
Шешемнің азапты өлімі: Бұл дүниенің күнәсі о дүниеге өтпейді екен
09:34, 26 апреля 2025
8362
-
Бишімбаевтың қарындасы ағасы туралы сұмдық шындықты жайып салды
05:33, 07 мая 2025
8050
-
Мұғалім министр Ғани Бейсембаевқа үндеу жасады (ВИДЕО)
09:02, 16 мая 2025
7256
-
"Күндіз шешемді жерлеп, кешке тойға бардым" деді "супер тамада"
08:01, 27 апреля 2025
7194
-
Оқу ағарту вице-министрінің қазасы: Медицинамыз ажал ошағына айналғаны ма?
13:07, 26 марта 2025
6114
-
Қайрат Нұртас масқара болып, ұятқа қалды
07:30, 24 марта 2025
6035
-
Қазақстандық лесбианка басынан өткен жағдайды баяндап берді
10:07, 01 апреля 2025
5867
-
"Магнум дауы": Мұғалім Асылханға қатысты сорақы шындықтар жарияланды
05:50, 09 апреля 2025
5616