Қажылықта 14 адам өліп, 17 адам жоғалып кетті

Қажылықта 14 адам өліп, 17 адам жоғалып кетті
Сауд Арабиясындағы мұсылмандық қажылық кезінде он төрт иорданиялық қаза тапты және 17 адам жоғалып кеткен. Бұл жайлы Иорданияның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "News.am"-ге сілтеме жасап. Сенбі күні министрлік қаза тапқандардың кем дегенде алтауы ыстықтан екенін айтқан. Ауа райы болжамы бойынша дүйсенбі күні Меккеде температура 47 градусқа дейін көтерілетіні айтылды. Сәрсенбіде аяқталатын қажылық - әлемдегі ең көп адам қатысатын іс-шаралардың бірі: биыл Сауд Арабиясының Бас статистикалық басқармасының мәліметі бойынша, оған 1,8 миллионнан астам қажылар қатысады. Соңғы 30 жылда бұл іс-шарадағы жүздеген өлім-жітімнің себептеріне шатырдағы өрттер, күн тию, қысылып қалу және басқа да факторлар жатады. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Все новости