Қайрат Нұртас анасымен бірге шетелге демалысқа кетті

Қайрат Нұртас анасымен бірге шетелге демалысқа кетті

Әнші Қайрат Нұртас анасымен шетелге қыдырып кетіп, сынға қалды.

Өнер иесінің жақында ән сапарға дайындалып жатқанын анасы айтып берді.

“Біраз тірліктерімізді бітіріп, кездесулермен қатар демалып та үлгердік. Керемет демалыс орнына алғысымыз шексіз. Қырғызстан, Ташкент, Ресей жақтың 5 қаласы күтіңіздер! Біз сіздерге барамыз”, – деп жазды продюсер.

 

Алайда желі қолданушылары әншінің анасымен бірге қыдырып жүргенін сынап жатыр. Сөздерінше, өнер иесі әйелі мен балаларымен қыдырса жарасымды болады екен.

“Қайратты отбасынан ажыратпауы керек. Қызғансаң да, қимасаң да оның отбасы бар. Ән сапардан келгенде әйелі күтіп алмай ма?!”, “бәріне Гүлзира кінәлі емес”, “Жұлдызбен неге бармайды”, “Қайратты кейде аяп кетемін”, “Қайда жүрсе де шешесі қалмайды”, – деп жазды көпшілік.

Все новости