"Қағбаны бөлшектеп Қазақстанға әкеліп жатыр" дейді жұрт

"Қағбаны бөлшектеп Қазақстанға әкеліп жатыр" дейді жұрт
Әлеуметтік желіде тараған видеода Қазақстанға қағба қара тасының су ағары келгені жар сала жариялануда деп жазады Democrat.kz. Меккедегі қара тастың су ағарын әспеттеп залға кіргізілген сәтте сол жердегі қауымның қуанышында шек болмағаны сондай "Аллаһу акбар!" деп айғайға басты. Ұлты араб бір кісі өз тілінде ұзақ бір түсініктеме оқып, ал біздің халық әлгі су ағарға тамсанып, таңырқап жатты.
Осы көрініске қатысты видеоны көрген кісілер "біздің Арабгүлдерді құлғып бітірді.Біресе жүнді әкеп сүйгізді.Біресе пайғамбардың табанының ізі деп сүйгізді.Бір шалды әкеп қолын сүйгізді.Енді тағы бір болмашы зат әкеп табындырып жатыр надандарды", "енді мына су ағарды құшып сүйеді бұлар", "сонша не көрінді тамсанып?", "бұлар Қағбаны бөлшектеп Қазақстанға әкеліп жатыр ма, не боп кетті өзі?", "надан қауымға табынатын дүние болса, болды", "пайғамбардың шашы, сахабаның нәжісі, қағбаның су ағары... пұтқа табынған қауым болдық қой!" деген сыңайда пікірлер жазылуда.
Фото көрнекілік үшін. https://www.tiktok.com/@elitar.kz/video/7480156617758084407?_r=1&_t=ZM-8uZks4cnaS7    
Все новости