Президент қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтты

Президент қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады», - делінген Ақорда хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді. Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді.
Все новости