"Өз президентімізді қайтарыңыз!" деген қазақстандық әйелдер АҚШ-қа үндеу жасады (ВИДЕО)

"Өз президентімізді қайтарыңыз!" деген қазақстандық әйелдер АҚШ-қа үндеу жасады (ВИДЕО)

"Біздің президентімізді неге алып тастады?" деген бір топ келіншек көздеріне жас алып, АҚШ-қа үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

Келіншектердің айтуынша Қазақстандағы "Гербалайф" компаниясының президенті Жәния Сәтбаеваны аталмыш компанияның АҚШ-тағы басшылары орнынан алып тастаған. "Гербалайфтың" Қазақстандағы өкілдері "Президентіміз Жәния Сәтбаева - ісіне адал, осы компанияға үлкен еңбегі сіңген кісі" деп "Америкадағы "Гербалайфтың" басшылары үнімізді есітсін" деген мақсатта ТикТок әлеуметтік желісі арқылы видео-үндеу жасады. "Президентімізді қайтарсын! Америкада отырған "Гербалайфтың" басшылары Жәния Сәтбаеваны президенттікке қайта отырғызсын. Жәния апайдың бизнесін қайтарып берсін!" деген "Гербалайф" өкілдері президенттерінің адал болғанын айтуда. Фото интернеттен. https://www.tiktok.com/@zhaniya.satbayeva/video/7500524030017932566?_r=1&_t=ZM-8wGEasWrG4s
Все новости