Оқу үшін пайызсыз несие беріле ме?

Оқу үшін пайызсыз несие беріле ме?
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандықтарға жоғары оқу орнында оқуға пайызсыз несие берілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. "Биыл жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту үшін төрт жаңа құрал іске қолға алынуы мүмкін... тағы бір құрал - биылдан бастап, жылдың соңында біз оны ресми түрде іске қосамыз. Яғни бірнеше екінші деңгейлі банктермен және қаржы орталығымызбен бірлесіп заңнамалық түрде пысықтаған пайызсыз несие іске қосылуы мүмкін – қазіргі таңда соңғы жұмыстар пысықталып жатыр. АҚШ-тағыдай жоғары білім алу үшін пайызсыз несие берілуі мүмкін", - дейді Саясат Нұрбек. Фото интернеттен алынды. 
Все новости