Оқу ағарту министрлігінің басқа айналысатын шаруасы жоқ па?

Оқу ағарту министрлігінің басқа айналысатын шаруасы жоқ па?

Оқу жылының соңында «Соңғы қоңыраудың" атауын өзгертпекші. Қисынға келсе жақсы ғой. Оқығанға да, жазғанға да біртүрлі.

«Оқу жылының аяқталуына орай ұйымдастырылатын салтанатты шара". Сөйлем қаншалықты мазмұнды? Министрлік мұнан да өзекті мәселелерді қолға алмай ма?! Алдымен мұғалімдердің аттестациясын ретке келтірсін. Елдің басын 1045 құжатпен қатырмай! Үлгерімі төмен оқушылармен кейбір мұғалімдер дұрыс жұмыс жасасын. Не баланы орнында қалдырмайды, не бағдарламаны бала меңгере алмайды. "Мектеп", " "Арман", "Көкжиек" баспаларынан шыққан қазақ тілі, әдебиет оқулықтары қайта сауатты жазылсын. Оқушыларға "Мәңгілік ел", Саяхат, Ассамблея, Жазғы саяхат, Қысқы саяхат сынды пәнге түк үйлеспейтін мағынасыз тақырыптардың керегі жоқ. Көкөніс, қыркүйек сөздеріндегі өрген қателерді айтпай-ақ қояйын. Қазақ тілі оқулығында балалар синтаксис, фонетика, лексика, морфологияны меңгеруі керек. Яғни тіл біліміне сәйкес тапсырмалар ұсынылуы тиіс. Соңғы қоңырауды шұбалаңқы сөйлеммен әспеттеу күлкілі. Министрліктің басқа жұмысы жоқ па?! Құттыбике Нұрғабыл, қоғам белсендісі. Фото көрнекілік үшін.
Все новости