Оқу ағарту министрі тіл ережесін бұзып отыр, басқалардан не күтеміз?

Оқу ағарту министрі тіл ережесін бұзып отыр, басқалардан не күтеміз?

Әлеуметтік желідегі парақшасында танымал журналист Оқу ағарту министрлігінің қазақ тілінің ережесін бұзып отырғанын айтып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Журналист Дәнеш Асқарбекұлы өз жазбасында: "Қазақ тілінің ережесін Оқу-ағарту министрлігінің өзі бұзып жатса, өзгесінен не қайыр? Өйткені мұнда жұмыс «істейтіндер» емес, бірдеңе «жасайтындар» қызмет етеді екен. Мектеп қабырғасында жүргенде қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі «Жасау» етістігі қолдан жасалатын немесе құрастыратын заттарға қатысты қолданылатынын миымызға құйып тастаған еді. Сондықтан ағаштан орындық «жасайтын» адам ағаш шебері болып «істейтін» еді. Сол министрлікте істейтіндерден ағылшын тілінде Do мен Make етістіктерінің арасындағы айырманы сұрасаңыз, тәптіштеп айтып беретініне бәс тігемін. Етістіктің болымсыз түріне уде-формасын жалғауды министрліктің өзі көрсетіп отырса, өзгесінен не сұраймыз? Ал анау ақпараттың ішіндегі «Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу», «баланы орналастырудың баламалы түрлері» деген кальканың исі шығатын сөйлемді Жолдау секілді жеке тәпсірлеп бермесе, екінің бірі ұға қоймас" деп жазды. Фото интернеттен.  
Все новости