"О дүниедегі хор қыздары деген - басқа зат" дейді шығыстанушы

"О дүниедегі хор қыздары деген - басқа зат" дейді шығыстанушы
Журналист Жанар Байсемізоваға сұхбат берген шығыстанушы Санжар Керімбай о дүниедегі хор қыздарына қатысты айтты деп жазады Democrat.kz. Неге діндарлар "о дүниеде еркектерді хор қыздары күтіп алады дейді? Әйелдерге о дүниеде ештеңе жоқ па?" деген журналистің сұрағына Санжар Керімбай: "О дүниеде не сыйлық күтіп тұрғанын біз білмейміз. Хор қыздары деп адамның осы дүниеде көзге елестете алатын, қызықтыра алатын форматтағы заттарды айтады. Ал о дүниеге өткенде, хор қызы дегеннің мүлде басқа зат болып шығуы әбден мүмкін. Солай болады да" деп еркектер қоғамдағы бүкіл ауыр жүкті арқалайтынын алға тартып, сол үшін о дүниеде ерекше мәртебеге ие болатынын түсіндірді. https://www.tiktok.com/@zh_baisemiz/video/7464987572150832390?_t=ZM-8tRskp9SH82&_r=1  
Все новости