Назарбаев Абу-Дабиде не істеп жүр?

Назарбаев Абу-Дабиде не істеп жүр?
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қайда жүргені белгілі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz. Телеграм арналарда Нұрсұлтан Назарбаевтың бір топ студентпен түскен суреті тарай бастады. “Чемодан госсекретов” телеграм арнасындағы мәлімет бойынша, экс-президент Абу-Дабиде жүр. Дереккөздердің мәліметінше, Назарбаев 19 наурыздан бері Біріккен Араб Әмірліктерінде жүр. Ол шетелде оқып жүрген ұлымен кездесуге барған. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Все новости