Мұхамеджан Тазабек - 10 мың теңгеге мәселеңізді шешуге көмектеседі

Мұхамеджан Тазабек - 10 мың теңгеге мәселеңізді шешуге көмектеседі
Facebook парақшасында қоғам белсендісі Нұрболат Әбдіразақов діндар М.Тазабектің жұртқа ақыл үйретіп, коуч болып жүргені туралы фото-коллаж жариялады деп жазады Democrat.kz. "Бай жігіт керек пе? Жігітіңді ұмыта алмай жүрсің бе? Туыстарыңнан зәбір көрдің бе? Жақсы жігіт жоқ па? Отырып қалдың ба? Жігітің үйленбеймін деді ме? 4 қызың бар ма? Енеңнен қорқасың ба? Тұрмысқа шықсаң ажырасамын деген фобия бар ма? “Еркем өмірің болсын көркем” деген курс алсаңдар болады. Бағасы 10 000, студенттерге 5000₸" деп жазған қоғам белсендісі Мұхамеджан Тазабектің "ақыл үйрету" парақшаларының фотосын бөлісті.   Біз де өз тарапымыздан діндар Тазабектің әлеуметтік желідегі парақшаларын ақтарып, қарап шықтық. Инстаграм парақшасында Мұхамеджан Тазабек өзін "Медиа-менеджер; ҚР еңбек сіңірген қайраткер; Психология ғылымдары, PhD; Айтыскер ақын" деп көрсетіпті. Осы атақ-даңқтарына қарап, Мұхамеджан Тазабектің анау-мынау емес, психология ғылымдарының PhD докторы екенін, кез келген кісіге ақыл айтуға білімі "жетеді" деп топшыладық. Фото автордың парақшасынан.
Все новости