Осындайлардан қорғану үшін мүфтияттың мәртебесін көтеру керегін айтқан Қуат Қабдолла осы пікірін: “Қарасақ, елімізде қанша діни конфессиялар бар болса да, Мүфтияттан басқасының бәрі сырттан басқарылады. Сондықтан, осы қара шаңырағымыздың маңызын, рөлін арттыратын кез келді. Зайырлы мемлекет Түркияның өзі мешіттерді қамқорлығына алып, имамдарды еңбекақымен қамтамасыз еткен. Әлбетте, ол жерде, сонау Османиядан бері үрдіс алған уақып қорлары да жақсы дамыған. Сол себепті, Түркия Діни басқармасы бюджетінің жетпіс пайызы “Уақып” қорына тиесілі. Осы орайда, Жаңа Қазақстан болып жатқан кезеңде “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” заңды қайта қарастыру қажет деп ойлаймыз. Атап айтсақ, елдің, Қазақстан мұсылмандарының тұтастығы үшін Мүфтият рөлін күшейтіп, ерекше заңмен қорғалуын қолға алу керек. Кешегі Алаш мемлекетінің алдыға қойған бес бағдарламасының бірі – дін болатын. Қазақ халқы қазақ болып тұруы үшін тілі, діні, дәстүрі сақталу қажет”, - деп түйіндейді.Біріншіден, қазіргі кезде дінге шүйлігу жағдайы неге көбейгенін зерттеп, анықтап алмаған автор бәлкім әлеуметтік желіні парақтамайтын болса керек. Қуат Қабдолла мырза, интернеттегі бүкіл әлеуметтік желіні шолып шығыңызшы. Мүфтият имамдарының жұртқа не деп уағыз айтып жүргенін көріп, білер едіңіз. “Қазақтың 70 пайыз сөзі - арабтыкі”, “намаз оқымағаның үшін ақша төле”, “қыздың 9 жасы- балиғат жасы”, “мектепте оқушы хиджаб кисін”... осындай және мұнан да сорақы уағыздарды айтып, әлеуметтік желіде сарнаған имам-уағызшылар жұрттың дінге деген құрметін жойды. Дінге қазір тәңіршілер ғана емес, кез келген көзі ашық, сауатты кісі шүйлігетін жағдайға жеттік. Келесі бір себебі - имандылықтың үлгісі болуға тиіс молдаларға қатысты ұятты, масқара жағдайлар жиіледі. Бала, әйел зорлау, ішімдікпен ұсталу, ақша ұрлау, талақ тастау сынды оқиғалар мүфтият молдаларының абыройын айрандай төкті. “Дінге шүйлікті” деп жұртқа кінә артпай, әуелі ниқаб, хиджабтағы қыз-келіншектер мен сәлделі имам-молдалардың әрекеттеріне назар салған жөн. Дін жолында жүрген кісінің әдепсіз әрекетін көрген кез келген қазақ “демек, бұл дін осыны үйретеді екен” деп ой түйіп, "олай болса, мұндай діннің қазаққа қажеті бар ма?" деген пайым шығады. Екіншіден, мүфтияттың мәртебесін көтеруді айтыпты автор. “Абыройы айрандай төгілді” деген сөз бар қазақта. Төгілген айранды ыдысқа қайта құйып алу мүмкін бе? Мүфтияттың қазіргі абырой, мәртебесіне қатысты осы “төгілген айран” мысалы жеткілікті болар. Абырой, мәртебе - базардан сатып алатын шапан емес. Абырой мен мәртебеге ие болу үшін, соған сай әрекет ету керек. Үшіншіден, түсінгеніміз, автордың ең негізгі айтпақ болғаны осы соңғы абзацта берілген сыңайлы. Алыстан орағытып, Түркияны мысалға ала отырып, түріктер имамдарға жалақы төлейтінін, арнайы қордан дінге ақша бөлінетінін алға тартады. Бұл сөздің астарында не жатыр? Біздегі мүфтиятқа да ел қазынасынан арнайы ақша бөлдіріп, қоғамдағы діннің қауқарын қаржылай күшейту керек пе? Дін туралы заңды қайта қарау мәселесі неден шықты? Осы екі мәселе нендей қажеттіліктен туындап отыр? Мүфтиятқа әр қазақстандық төлеген салығынан жырып қандай қызметі үшін ақша төлеуі керек? Әлеуметтік желіде қазақты ұлттығынан айыруға бағытталған уағыз айтып, сарнаған имам-молдалары үшін бе? Әлде “менің дінімде болмасаң,кәпірсің!” деп едіреңдеген дүмшелері үшін бе? Діннен тұтас мемлекетке, халыққа келетін пайда бар ма? Бар болса, қандай пайда? Соңғы 30 жылда діннің өркендеп, қанат жаюынан көрген қандай пайдамызды тізіп айта аламыз? Қара ниқабқа оранған қыздарымыз бен шоқша сақалы ербеңдеп, қысқа балағы далақтаған, агрессивті, қарғысшыл қауымды діннің үлгісі деп көрсетіп, мақтанайық па? Әлде тәуелсіз ел тарихындағы әр аймақта діншілдер жасаған лаңкестік оқиғалар мен Сирияға джихадқа аттанған жастарымызды төбемізге қойып, мақтанайық па? Қазақты қазаққа жау еткенімен қоймай, бір ғана Ислам дінінің өзі іштей қаншама тармаққа бөлініп, ырың-жырыңы шығып жатыр. Сенбесеңіз, ТикТоктың тікелей эфирлерін қарап шығыңыз. “Ақида”, “муджахит”, “муртад”, “мүшрик” дей ме, адам түсінбейтін сөздер мен біз танымайтын түрлі ғұламалардың кітаптары үшін таласып, тартысқан қауымды көресіз. Мүфтият өз міндетін дұрыс атқарып отырса, жұмысын істеп отырса, мықты болса, бекітілген Ханафи мазхабының бұл елде қатаң сақталуын қадағалайтын еді ғой?! Түк бітірмей отырған діни ұйымға халықтың аузынан жырып, ақша беру - қарапайым халыққа жасалған қиянат емес пе? Дін туралы заңды қайта қарастыру туралы ұсыныстың астарында не жатқанын бесіктегі бала да түсінер. Қорыта айтқанда, Қазақстанда Ислам дінінің ықпалын күшейтіп, түптеп келгенде билікке қол жеткізуді көксеу - сауатсыздық. Аз да болса, тарихи, саяси, құқықтық сауаты бар кісі Қазақстанның діни мемлекет болмайтынын түсінуге тиіс деп санаймыз. Дайындаған - Мәриям КЕНЕСАРЫ. Democrat.kz. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Мүфтияттың мәртебесі мен абыройын түсіріп отырған кім?

-
Жаңаөзенде мектеп түлектерінің кортежі апатқа ұшырады
12:30, 23 мая 2025
14
-
Олжас Бектенов Алматы тау кластерін одан әрі дамыту тәсілдерімен танысты
11:55, 23 мая 2025
32
-
Білім саласында ақша желінгеннен басқа атқарылған нәтижелі шаруа бар ма?
11:02, 23 мая 2025
207
-
"Министр Ғани Бейсембаевты отставкаға жіберу керек!" дейді наразы жұрт
10:02, 23 мая 2025
190
-
"Түріктер тек қазақтың қызына үйленсін!" дейді түрік жігіті (ВИДЕО)
09:02, 23 мая 2025
322
-
Әнші Қазыбек Құрайыш өзіне некені тіркеу туралы өтініш түскенін көрсетті
08:30, 23 мая 2025
85
-
Қайрат Нұртас уәдесін неге орындамай жүр?
08:01, 23 мая 2025
213
-
Баян Алагөзова: "Шексіз бақытқа кенелдім"
07:30, 23 мая 2025
136
-
Бейсен Құранбек қара магияның құрбаны болған ба?
07:04, 23 мая 2025
1007
-
Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті өтуі белгісіз
06:30, 23 мая 2025
102
-
“Гүлжанмен сүйісіп, төсекте жатып жүріп соттастық” дейді “Тамашаның” әртісі Мұхамеджан Мырзакеев
06:10, 11 марта 2025
10821
-
"Жұмабектің экс-әйелі Динарадан әдемі екен" дескен жұрт кәсіпкерді сынап тастады
06:00, 17 апреля 2025
9873
-
Шешемнің азапты өлімі: Бұл дүниенің күнәсі о дүниеге өтпейді екен
09:34, 26 апреля 2025
8362
-
Бишімбаевтың қарындасы ағасы туралы сұмдық шындықты жайып салды
05:33, 07 мая 2025
8050
-
Мұғалім министр Ғани Бейсембаевқа үндеу жасады (ВИДЕО)
09:02, 16 мая 2025
7256
-
"Күндіз шешемді жерлеп, кешке тойға бардым" деді "супер тамада"
08:01, 27 апреля 2025
7194
-
Оқу ағарту вице-министрінің қазасы: Медицинамыз ажал ошағына айналғаны ма?
13:07, 26 марта 2025
6115
-
Қайрат Нұртас масқара болып, ұятқа қалды
07:30, 24 марта 2025
6035
-
Қазақстандық лесбианка басынан өткен жағдайды баяндап берді
10:07, 01 апреля 2025
5867
-
"Магнум дауы": Мұғалім Асылханға қатысты сорақы шындықтар жарияланды
05:50, 09 апреля 2025
5616