М.Тазабектің тойында шашуға "доллар" шашылды (ВИДЕО)

М.Тазабектің тойында шашуға "доллар" шашылды (ВИДЕО)

Таяуда ғана қызын ұзатқан психолог, коуч Мұхамеджат Тазабек дүркіретіп той жасаған еді деп жазады Democrat.kz.

М.Тазабектің қызын ұзату тойында асабалық жүргізген актер "Шаншардағы" Дәурен Әбиев жұртқа пранк жасап, күлкіге қарық қылды. Той үстінде шашу ретінде ақша шашылған сәтте қойын қалтасынан бір бума долларды аспанға атқан Дәурен: "Міне, осы менің шашуым болсын! Бұл теңге емес, доллар. Бірақ шын доллар емес, "ақша шақыратын доллар"- деді. Шашылған долларларды жинауға енді ұмтылған жұрт сасқанынан бұл әрекеттерін күлкіге айналдырды. Фото видеодан скринделді. https://www.tiktok.com/@dauren_shansharr/video/7504892237327682834?_t=ZM-8wSftekGpEr&_r=1  
Все новости