Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясовадан кешірім сұрауға дайын екенін айтты

Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясовадан кешірім сұрауға дайын екенін айтты
Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады. Бұған дейін Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясовадан “албасты” деген сөз естігенін мәлімдеген еді. Алайда, әнші Майра Ілиясова екеуінің арасындағы даудың нүктесін қойып, кешірім сұрауға дайын екенін де жеткізді.   «Достар әлеуметтік желіде неше түрлі алып-қашпа әңгімелер жазылып жатыр. Сол үшін мен осы даудың нүктесін бүгін қойғым келеді. Маған көп танымал адамдар хабарласып жатыр. Мақпал Жүнісова апам хабарласып, ұрысты. «Сенің жасың кіші, ол кісінің жасы үлкен, әрі беделді адам. Кешірім сұра» деп айтты. Мен кешірім сұрауға дайынмын. Майра Ілиясова ханымнан кешірім сұраймын! Шын мәнінде, ол кісі маған адам ретінде көп көмектескен. Ол кісінің барлық еңбегін бағалаймын. Бірақ біздің дау-дамай қоғамдық жұмысқа қатысты болған», – деді әнші. Желі қолданушылары қос өнер иесінің татуласуға шақыруда.   ”Дұрыс жасадыңыз, өмірде бәрі болады”, “Парасаттылығыңызды көрсеттіңіз, жарайсыз”, “Енді тату болып, бір сахнада әпкелі-сіңлілі болып өнер көрсетіңіздер”, “Кішірейгеніңіз көрегендігіңіз”, — деп жазды олар.
Все новости