"Мен жақында қайтыс болдым" дейді Ғалымжан Құрманбек (ВИДЕО)

"Мен жақында қайтыс болдым" дейді Ғалымжан Құрманбек (ВИДЕО)

"Шымкент медресесі" қыздар бөлімінің ашылуында сөз сөйлеген, сол іс-шараны басқарған Ғалымжан Құрманбек "өзінің өліп-тірілгені" туралы айтты деп жазады Democrat.kz.

Аталмыш іс-шара ел ішінде "Шымкентте жәннатқа билет сатылуда" деген атпен таралғаны мәлім. Міне, сол "жәннатқа билет сатылған" жиынды басқарған Ғалымжан Құрманбек әдеттегідей ойдан-қырдан құрастырылған діни әпсаналарын айта келіп: "Жақында мен қайтыс болып, қайтып келдім. Жұрт солай мені өлтіріп тастап еді. Сол кезде осы "хабарға" байланысты жазылған пікірлерді оқып отырып "ойбу, байғұстың төрт қатыны мен балаларына обал болды бұның" деп жазыпты. Осы пікір қатты ойландырды. Осы күнге дейін не бітірдім деп ойладым. Расымен де, алған төрт қатынды міндет қылып кетіп бара жатыр екенмін ғой, түк бітірмей. Ондай 4 қатын алмағандар да бар ғой, қай беттеріңмен барасыңдар ана жаққа? Ең болмаса амал етейік", - деп медресеге ақша жинауды жалғастырды. Фото интернеттен. https://www.tiktok.com/@erkebulan_19950/video/7505824133008166150?_r=1&_t=ZM-8wWDjQie18I
Все новости