Мектепке хиджабпен келген: "Қараудың өзі - жиіркенішті" деді мұғалім (ВИДЕО)

Мектепке хиджабпен келген: "Қараудың өзі - жиіркенішті" деді мұғалім (ВИДЕО)

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода 9 сынып оқушы қыздарының мектепке хиджабпен келгені айтылады деп жазады Democrat.kz.

Видео түсіріп тұрған кісі "Міне, 9 сыныптың қыздары мектепке осылай келген. Оқу жылының соңында осылай келіпті. Ата-аналары мен маған түкіргені бар бұлардың. Мектепке мектеп формасымен келуге міндетті дегенге бұлардың түкіргені бар. Әдемі ме, қараңыздар! Қараудың өзі - жиіркенішті, кешіріп қойыңыздар әрине", - дейді. Мектепке діни киіммен келген бұл қыздарға қатысты "машалла, қандай әдемі", "керемет, бүкіл қыз осылай жүруі керек", "қысқа етектен осы жақсы", "мына сайқал не оттап тұр" деген пікірлермен қатар, "заң - ортақ. Заңға бәріміз бағынуға тиіспіз", "біз діни ел емеспіз", "хиджаб кигісі келсе, медресеге кетсін", "ата-аналарына штраф салу керек" деген пікірлер қатар жазылуда. Фото видеодан скринделді. https://www.tiktok.com/@abdulhamit.kz/video/7506493413169057029?_t=ZM-8wWJELrAX1M&_r=1
Все новости