"Лағынет-намазы" үшін жұрттан кешірім сұрады (ВИДЕО)

"Лағынет-намазы" үшін жұрттан кешірім сұрады (ВИДЕО)
Әлеуметтік желілерде сиқыр, тіл-көзден емдеу жолдарын айтып, емдеп жүрген Нұрбол Құсайынұлы жұрттан кешірім сұрап видео жариялады деп жазады Democrat.kz. "Қарапайым халық артық шығынданбасын, бақсы-балгерге барып, алданбасын, ширкке кірмесін деген жақсы ниетпен үй жағдайында тіл-көзден, дуа-сиқырдан емделсін деген оймен "Лағынет" намазы туралы ақпарат таратып едім" деген емші-діндар "Лағынет" намазы туралы түсінік берді. Емші-діндардың сөзіне сенсек, "Лағынет" намазын оқу арқылы тіл-көз, дуа-сиқырдан құтылуға болатын көрінеді. "Бұл намаздың түбін түсінбей, бізді кінәлап жатқандар, ғайбаттап қойып жатқандардың күнәларына себепші болғанымыз үшін сіздерден кешірім сұраймыз", - деді емші Нұрбол Құсайынұлы. Фото көрнекілік үшін. https://www.tiktok.com/@ruqiya.kz/video/7462648348810480901?_r=1&_t=ZM-8tIwG6qO1Ha  
Все новости