Косметологты ықпалды кісілер қылмыскер етпек пе?

Косметологты ықпалды кісілер қылмыскер етпек пе?

«Заң мықтыларды құтқарып, әлсіздерді тұтатын өрмекшінің торы» – Шерағаңның бұл сөзі бүгінгі сот жүйесіне арналып айтылғандай.

Косметолог Гүлжазира Қамысбаева сотта былай дейді: «Полиция бұл істе қылмыс құрамы жоқ екенін анықтап, істі жапты. Бірақ сол істі қайта тіркеп, басқа баппен үш жыл тергеуде ұстап отыр. Менің ойымша, арызданушы Шынар Жұманбай мен оның күйеуі – ықпалды тұлғалар арқылы мені қылмыскер етуге тырысуда». Шынар Жұманбай – бұрынғы Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың жұбайы. 2022 жылы Қамысбаева екеуі бір кабинетте жұмыс істеген. Қамысбаева тапқан табыстың 20 пайызын ғана алып, қалғанын Шынар Жұманбайға Kaspi Gold арқылы аударып отырған. Шынар қолма-қол ақшамен жұмыс істеуді талап еткен – салықты азайту үшін. Кейін Қамысбаева жеке кабинет ашып, кәсібін жалғастырады. Көп ұзамай Ш. Жұманбай «менің косметологиялық құралдарымды ұрлады» деп арыз түсіреді. Бірақ Астана қаласы, Есіл ауданы полициясы ештеңе ұрланбағанын анықтап, істі тоқтатады. Бірақ, арыз қайта жазылып, іс қайта қозғалады. Тергеу заңсыздықтарға толы. Сараптамалар кәсіпқойлықтан ада. Адвокат Бауыржан Азанов: «Тергеуші мен қаржылық сарапшы Kaspi Gold арқылы жасалған жеке тұлғалар арасындағы аударымдарға ғана сүйенген. Ал Kaspi Bank бұл операциялар қылмыстық дәлел ретінде жарамсыз екенін ресми түрде растаған», – дейді. Бүгінгі соттағы жағдай – адам сенгісіз. Адвокат  Бауыржан Азанов онлайн қатысып отырған сәтте, судья Динара Джузбаева оның микрофонын сөндіріп тастады. Себебі: адвокат судьяға мына сұрақты қойған: «Сіз неге материалдарға тіркелмеген, қайдан шыққаны белгісіз, қол қойылмаған “дәптерлерге” сүйеніп, сотталушыға сұрақ қойып отырсыз?» Жауап орнына — микрофон сөндірілді, ал судья Г. Қамысбаевадан осы дәптерлер бойынша сұрақтар қойғн. Адвокатсыз. Құқықтық негізсіз. Іс материалында жоқ «дәлелдерге» сүйеніп. Сот процесі барысында дәлел ретінде тіркелмеген, ресми сараптама өтпеген, ешбір заңды мәртебесі жоқ құжаттар бойынша сотталушыны допрос жасау – бұл УПК-нің 113-бабын, 24-бабын, 70-бабын тікелей бұзу. Ең сорақысы – судья допросты аяқтағаннан кейін тек 1 сағат 20 минуттан соң ғана жәбірленуші тараптың өкілі сол дәптерлерді іс материалдарына тіркеуді сұрап ходатайство берді. Бұл жағдайда сұрақ көп: – Егер дәлел материал ретінде ресми түрде тіркелмесе, сот неге оны пайдаланады? – Құқықтары шектелген адвокатсыз допрос жүргізу – қандай нормаға жатады? – Судья процесс барысында неге бейтарап болмады? Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы Асланбек Мерғалиев мырза, сіздің назарыңызды осы жағдайға аударамыз. Бұл оқиға – бір ғана кәсіпкердің тағдыры емес, бүкіл сот төрелігіне деген сенімге сын. Айтпақшы, тағы бір сәйкестік: – Судья Джузбаева – Жамбыл облысынан. – Тергеуші – Жамбыл облысынан. – Жәбірленуші Жұманбай – Жамбыл облысынан. Әрине, өңір бірлігі – қылмыс емес. Бірақ, қоғамда сұрақ тудырмай қоймайды. Қолдауларыңызды күтеміз. Сот әділетті болуы тиіс. Теңдік пен құқықтың үстемдігі – Конституция кепілдігі. Оңғар ҚАБДЕН, журналист. Фото көрнекілік үшін.
Все новости