"Келіннің сәлем салуы - оның құл екенін білдіреді" дейді танымал кәсіпкер (ВИДЕО)

"Келіннің сәлем салуы - оның құл екенін білдіреді" дейді танымал кәсіпкер (ВИДЕО)

Әлеуметтік желідегі парақшасында танымал кәсіпкер Марат Толыбай келіннің сәлем салуы - дискриминация деп мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.

"Келінге иіліп сәлем салдыру - оны бағындыру құралы. Басына орамал байлатып, үлкендердің алдында бүгіліп сәлем салдыру - келінді өздеріне бағындыру, басыну үшін жасалған әрекет деп санаймын. Әйтпесе, неге қыз күнінде ешбір қыз ешкімге иіліп-бүгіліп сәлем бермейді? Демек, келін болғанда сәлем салдырып келіннің бүгілуін - күйеуінің туыстары өздеріне бағынышты ету үшін қолдануды әу бастан көздеген. Неге үйленген соң еркек те қайын жұртындағы үлкендерге иіліп, бүгіліп сәлем бермейді? Жігіт кезінде қандай болса, еркек болғанда да солай болып қала береді. "Үлкенге құрмет" деп әспеттесек, онда үйленген еркек те қайын жұртының үлкендеріне иіліп сәлем салсын. Дұрыс па? Ал қыздарымыз келін болған соң сол елдің үлкендеріне иіліп-бүгіледі. Бұлай сәлем беруде "сен біздің құлымызсың" деген астар жатқандай. Бұл дұрыс емес деп санаймын. Осының өзі-ақ әйелдің қоғамдағы рөлін көрсетпей ме? Мен мұндайға қарсымын!"- дейді кәсіпкер. Фото көрнекілік үшін. https://www.tiktok.com/@tolibaymarat/video/7493531815563595063?_r=1&_t=ZM-8wGIZfW7lrC
Все новости