Жолаушылар автобусы отқа оранды

Жолаушылар автобусы отқа оранды
Орал қаласында жолаушылар автобусы өртенді. Бұл туралы БҚО ТЖД  баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. ТЖД мәлімеиінше, оқиға 30 тамыз күні сағат 19.26-да «Омега» зауыты маңындағы көпірде болды. «Х.Есенжанов көшесі 4-үй тұсында 3-бағытпен жүретін „Мерседес-Бенс“ автобусының мотор бөлігі өртенді. Зардап шеккендер жоқ. „Тілсіз жау“ сағат 19.42-де оқшауланып, екі минуттан кейін ауыздықталды», - делінген ТЖД хабарламасында. Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 
Все новости