"Жарапазан айту - дінде жоқ" дейді танымал этнограф

"Жарапазан айту - дінде жоқ" дейді танымал этнограф
Халыққа танымал, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын жетік білетін, елге сыйлы апамыз Зейнеп Ахметова "жарапазан - қазақтың салтында болған" дейді.  "Жарапазан - дінде жоқ. Бірақ бұл біздің дәстүрімізде бар. Дінмен ұштасып кеткен. Жарапазан айту - қазақтың өзінің әдемі салты. Жарапазанның негізгі тақырыбы - адамдарды ізгілікке, игілік жасауға баулиды. Әдетте жарапазанды жігіттерге бала-шаға ілесіп жүріп, топтасып айтады. Мұнан бөлек, 2-3 адам болып, шебер ұйқаспен жаратушыға құлшылық етудің, жаратылыс заңдарын, имандылықты, адамгершілікті әдемілеп айтып, жырдың дәрежесіне көтерген. Сондықтан біздің қазақтың ауыз әдебиетінде "Жарапазан жыры" деген арнайы бөлім бар", - дейді Зейнеп апа. Дайындаған - Әлия БОЛАТҚЫЗЫ. Democrat.kz. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.  [video width="576" height="1024" mp4="https://democrat.kz/wp-content/uploads/2024/11/WhatsApp-Video-2024-11-14-at-19.00.53.mp4"][/video]
Все новости