"Хуторлық Хасанның" қолдаушысы сенат депутаты ма?

"Хуторлық Хасанның" қолдаушысы сенат депутаты ма?
Дереккөздердің мәліметінше, сенат депутаты Мұхтар Жөргенбаев (суретте) хуторлық Хасан Қасымбаевтың туысы,  - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Біздің дереккөздеріміздің мәліметінше, Алматы облысынан сайланған сенатор Мұхтар Жөргенбаев қамауға алынған Хасанның ағасы. Олардың анасы - туған апалы-сіңлі. Қазіргі таңда тергеу барысында оның бұл жағдайға қаншалық әсер еткені тексеріліп жатыр. Ол Талғар аппаратының басшысын - Хасанның ағасын атышулы оқиғадан кейін жұмыстан қумауын сұраған деген ақпарат бар", - делінген дереккөз хабарламасында.
Айта кетейік, Мұхтар Жөргенбаев қазіргі таңда Сенат депутаттарының тізімінде тұр. Ол Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылында туған.
Все новости