Фариза Төреәлі жаңа үйін көрсетті

Фариза Төреәлі жаңа үйін көрсетті

Танымал блогер Фариза Төреәлі су жаңа пәтерін көрсетіп, қоныс той жасады.

Белгілі коуч, блогер ата-анасын қонаққа шақырып, қызы Дараның тұсаукесер тойы мен қоныс тойын қатар жасады.

Алла қалауымен аман-есен көптен күткен қоныс той, тұсау кесерімізді атқарып алдық. Ата-аналарымыз бір-бірлеріне сыйларын тартып, кішігірім той болды. Мен де туған күніме, Даратай да сыйлықтарға батып қалдық. Ата-аналарымыз, бауыр, достарымыз қуанышымызға ортақтасып қуанып жүр. Қаншама жылғы еңбегіміздің нәтижесі, екі пәтерді қосып, ең әдемі көрініспен, орталықтағы үйді бұйыртқан Раббымызға сансыз шүкір! Жөндеу жұмысын толықтай Дархан жасады, мен дым араласпадым. Қонақтарды жайғастыру, дастархан жасау, безендіру бәрін махаббатпен жасадым. Әрбір отбасы баспаналы болсын! Жұғысты болсын! Естелік суреттерді бөлісе кетейін”, – деп жазды көпшілік.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, блогердің пәтерін қызу талқылап жатыр.

“Керемет үй екен”, “Алла берекесін берсін, бергенін бере берсін!", "Фари мен Дарханның баласы болмаппыз ғой", "Құтты болсын! Берекелі баспана болсын! Барша қазаққа жұғысты болсын", – деп жазды желі қолданушылары.

Все новости