Желіде имам Ғазиз Ахметтің көп әйел алуға қатысты айтқан пікірі тарады. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Еркектің бір әйел алып тоқтауы деген нәрсе мұсылманшылықтан емес. Және ол өзге діндерде де солай, тек христиан дінінде ғана бір еркек бір әйел алу керек. Басқа діндердің барлығында бір еркек ешқашан бір әйел тоқтаған емес. Тіпті, адам емес, өзге де хайуанаттарды алатын болсаңыз, барлығында ұрғашысы көп болады, еркегі біреу болады. Ол белгілі нәрсе. Адам да Алла Тағала жаратқан жаратылыстың бірі ғой. Адамға да, бір еркектің төрт әйел алуына рұқсат берді. Бұл рұқсат Алла Тағаладан болғаны үшін бұған өзге ешкімнің рұқсаты керек емес. Шын қарай алатын болса, соны алады. Әйелінен де, әке-шешесінен де, басқа адамдардан да рұқсат сұрамайды. Еркектің өз шешімімен болады», — дейді ол.