Еліміздегі бірқатар жолдар жабылды

Еліміздегі бірқатар жолдар жабылды
Бүгін түнгі сағат 00.00-де ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі, жел) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» компаниясы. Ақмола облысында: «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған»  автожолының 232-260 шақырым аралығында (Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін); «Жақсы-Есіл-Бұзылық»  автожолының 71-82 шақырым аралығында (Ақсай ауылынан  Бұзылық ауылына дейін) ; «Жезқазған-Петропавл» автожолының 536-553 шақырым аралығында (Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін); Қостанай облысында: «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 108-232 шақырым аралығында (Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін); «Екатеринбург-Алматы» автожолының 686-729 шақырымы(Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін); Солтүстік Қазақстан облысында: «Екатеринбург-Алматы» автожолының 729-768 шақырымы (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін) жолдар жабық.
Все новости