"Екінші қызымды туғым келмеді" деген Жұлдыз бір тылсым оқиғасы туралы айтып берді

"Екінші қызымды туғым келмеді" деген Жұлдыз бір тылсым оқиғасы туралы айтып берді
Журналист Ләйлә Сұлтанқызымен болған сұхбатында Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз өткен өмірі туралы сыр шертті деп жазады Democrat.kz. "Екінші қызымды УДЗ-де "қыз" дегенде, шынын айтсам, қаламадым. Көңіл күйім біраз түсіп, жылап, тағы қыз туам ба дедім. Енем "қыз болса, не болыпты? Менің қызым болады" деді. Екі қызымның арасы бір жас. Содан екінші қызымды туған соң, бір күні Түркістанға жолға шықтық, пойызбен. Сол пойызда жас 50-ден асқан жолсерік қайта-қайта қасымызға келе берді. Бір кезде "қызым, менің саған арқам қозып тұр" деді. Мен ондай нәрселерге сенбеймін. "Аруақтар келіп, хабар беріп тұр. Бір нәрсе айтсам, бола ма?" деп қоймады. "Екі-үш ай ішінде аяғың ауырлайды. Ол баланы алдырып тастау туралы ойың болады. Бірақ алдыртпа. Дүниеге ұл бала келеді" деп айтты әлгі кісі", - деген Жұлдыз үшінші ұлының осылай аянмен келгенін айтты. Фото интернеттен. https://www.tiktok.com/@b_altynbekova2/video/7471684671622089989?_r=1&_t=ZM-8twjYfXxZpv
Все новости