"Допингті бізге өздері ішкізді" дейді танымал спортшы

"Допингті бізге өздері ішкізді" дейді танымал спортшы
Танымал спортшы, штангист Алмас Өтешов өз сұхбатында допинг туралы бар шындықты жайып салды деп хабарлайды Democrat.kz. Спортшы спорт саласындағы былықтарға тоқталып:"Біз допингті өзіміз ішпедік. Бізге дәрігерлер ішкізді ғой. Алексей Ни деген оңбаған қазір қайда? Бәріне сол жауапты емес пе?"деп, мұнан бөлек, үкіметтің сыйға берген үйіне қатысты:"Біз үкіметке қызмет еткеніміз үшін, үкімет сол үйді бізге берді емес пе? Неге алып қояды?"-деп ренішін білдірді. "Алексей Ни спортты таза бизнеске айналдырды. Подобедова сияқтыларды әкеліп, бізді ығыстырды. Бізге сонау 2006 жылы Алексей мақтанатын. 30 миллион долларым бар деп",-деген штангист қазір сол Алексейдің қайда екенін сұрады. Фото видеодан скринделді. [video width="576" height="1024" mp4="https://democrat.kz/wp-content/uploads/2024/08/d9d13ca429bf3e36dcedd5e5803ad263.mp4"][/video]  
Все новости